Ссылки доступа

Ташкентте "Шовотландия" кафесін өртеген екеу өмірлік түрме жазасына кесілді


Өзбекстан астанасында "Шовотландия" кафесін өртеген екеу өмірлік түрме жазасына кесілді. Кафедегі өрттен бес адам қаза тапқан.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сот үкімі 21 желтоқсанда оқылды. Үкім жиырма күннен соң күшіне енеді.

Іс материалдарына қарағанда, өрт салдарынан "Шовотландия" кафесінің 644,8 млн сум тұратын ғимараты және 420,4 млн сумның асханадағы құрал-жабдықтары өртеніп кетті.

Кафеде бес адам өрт салдарынан қаза тапты.

Ташкенттің Чилинзар ауданындағы "Шовотландия" кафесі биыл 27 ақпанға қараған түні өртенді. Кафені өртеген қылмыскерлер сол күні ұсталды.

Кафе қожайынымен жанжалдасқан 26 жастағы ер азамат 36 жастағы "бастығының" тапсырмасымен астаналық кафені өртеген.

XS
SM
MD
LG