Ссылки доступа

Тәжікстанның солтүстігінде қалааралық автобус қатынасы қайтадан іске қосылды


Соғды облысында қалааралық автобус қатынасы қайтадан іске қосылды. Өткен аптада қоғамдық автокөліктерге жанармай табылмай, қалааралық автобустар қозғалысы тоқтап қалған.

"Жолаушылар көлігі" мемлекеттік кәсіпорынының хабарлауынша, Худжанд қаласында және қалааралық бағыттарда шамамен 30 автобус жүріп тұр, осы аптада жолаушы таситын автобустар саны 50-ге жетеді.

Бұның алдында мекеме жанармайдың қымбаттауы Худжандта жолаушы тасымалдау ісіне кері әсер еткенін хабарлаған. Кәсіпорында жалақы кешіккендіктен ондаған жүргізуші жұмыстан шығып кеткен.

XS
SM
MD
LG