Ссылки доступа

Халықаралық коалиция Еуроодақты түркімен мақтасына тыйым салуға шақырды


Официальное мероприятие в Туркменистане - Праздник урожая. Ашхабад, ноябрь, 2020

"Мақта науқаны" (Cotton campaign) халықаралық коалициясы Еуропалық комиссияны Түркіменстаннан экспортталатын мақтаға тыйым салуға шақырды. Ұйым 21 желтоқсанда еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенге хат жолдады.

"Түркіменстандағы жағдай ойланбастан импортқа тыйым салуды қажет етеді. Түркіменстанда өндірілетін әрбір мақтада мәжбүрлі еңбек тері бар. Түркіменстан үкіметі жыл сайын мемлекеттік сектордағы ондаған мың жұмысшыны мақта теруге шығарып қана қоймай, олардан шығынды өндіріп алады", делінген "Мақта науқаны" халықаралық коалициясының хатында.

Еске салайық, өткен аптада Еуропарламенттің 300 депутаты "түркімен және ұйғыр құлдығы" нәтижесінде өндірілген тауарларды Еуропалық одаққа әкелуге тыйым салуға шақырған.

Global Trade мәліметінше, ЕО 2020 жылы Түркіменстаннан 7,5 миллион еуроның мақта өнімдерін сатып алған.

Халықаралық ұйым түркімен билігінің мақта мен өнімдерін әлем нарығына Түркия арқылы шығарып отыр деп хабарлаған.

2016 жылы H&M, Espirit, Adidas, IKEA және басқа да әлем брендтері түркімен мақтасынан бас тартты.

XS
SM
MD
LG