Ссылки доступа

Өзбекстан биыл Ауғанстаннан ТМД елдеріне 32 мың тоннадан астам жүк тасымалдаған


Биыл "Узбекистон темир йуллари" компаниясының еншілес кәсіпорны "Согдиена Транс" Ауғанстаннан Өзбекстан, Қазақстан және Ресейге 32 410 тонна (564 вагон) жүк тасымалдаған.

Ресми мәлімет бойынша, Ауғанстаннан Өзбекстанға 15 969 тонна, Қазақстанға 13 869 тонна және Ресейге 2572 тонна жүк тасымалданған.

Жүкте негізінен кептірілген көкөніс мен жеміс-жидек болған.

"Согдиена Транс" соңғы 10 жылдан бері Ауғанстаннан ТМД елдеріне түрлі өнімдер экспорттап келеді. 10 жылдың ішінде 28 млн тонна жүк тасымалданған.

20 желтоқсанда пәкістандық The News International басылымы Өзбекстан Кабул-Пешавар темір жол құрылысын 2022 жылы бастайды деп жазған. Жоба құны 4,8 млрд долларға бағаланып отыр. Темір жолдың қашықтығы 573 шақырым болады.

XS
SM
MD
LG