Ссылки доступа

Қырғыз экономика министрі касса аппараттарына қарсы саудагерлермен кездесті


Minister of Economy Daniyar Amangeldiev

Қырғызстанда жемқорлықпен күресу, экономикадағы заңсыз табысты азайту үшін касса аппараттары орнатылады.

27 желтоқсанда экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев Бішкектегі Үкімет үйі алдына жиналған жүз шақты саудагерге осылай деді. Наразылық акциясын өткізушілер жақында қабылданған салық кодексінің күшін жойып, оны Жогорку Кенештің жаңа құрамының қарауына жолдауды талап етті.

"Халық жемқорлықты жоюды, ақша айналымының ашықтығын, әділетті талап етіп отыр. Касса аппараттарын сол үшін енгіземіз. Оны орнатқан соң салық қызметіндегілер базарларға баруын қояды, пара алу тоқтайды. Салықты бір жерден ғана төлеуге мүмкіндік ашылады", - деп түсіндірді шенеунік.

Министр салық кодексіндегі жаңа ережелерді дұрыс түсіндіру керектігін айтып, саудагерлерге ұнамаған кейбір тұстарын қайта қарауға уәде берді.

Бұның алдында "Дордой", "Таатан" және "Дордой-Моторс" базарларындағы саудагерлер пикет өткізген.

Қырғызстанда жаңа Салық кодексі 2022 жылы күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG