"Мен көліктерді мас күйінде айдаған жүргізушілерді 15 тәулікке қамау және жүргізушілік құқықтан ажыратуды ұсынамын", - деп жазды Telegram-каналына.
Ол жол апатынан мыңдаған адам өліп жатқанын айтып, бұл мәселені тез арада қолға алу керек дейді.
Өзбекстан заңына сәйкес, мас күйінде көлік айдаған адам 1,5 жылдан 3 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылып, 25 базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салады.
Kомил Алламжонов бірнеше жыл бұрын көлік жүргізіп үйрететін "Автотест" мектебін құрған. Биыл ол жабылып қалды.