Ссылки доступа

Өзбекстан биыл рекордтық көлемде картоп импорттаған


Өзбекстан 2021 жылы 516,2 мың тонна картоп импорттаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға көп.

Өлкенің экономикалық даму және кедейшікті қысқарту министрлігі желтоқсан айында Өзбекстан 60,4 мың тонна картоп импорттағанын хабарлады.

2016 жылы Өзбекстан болғаны 50 мың тонна картоп сатып алған.

Республиканың ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылы картоп өсіретін жерді 122 мың гектарға көбейтуді жосплап жатыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға көп.

Өзбекстан биыл картопты негізінен Қазақстан, Ресей, Пәкістан, Иран және Қырғызстаннан сатып алған.

XS
SM
MD
LG