Ссылки доступа

Ашғабадта сүрілген үйлердің орнына президенттің атасы атындағы әскери мектеп салынбақ


Ашғабадта сүрілген үйлердің орнына президенттің атасы Бердімұхамед Аннаев атындағы әскери мектеп құрылмақ. Бұл туралы "Түркіменстан бүгін" ақпарат агенттігі хабарлады.

Тиісті қаулыға президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған.

Қоғаныс министрлігіне Rönesans Endüstri Tesisleri Inşaat Sanayi ve Ticaret A.Ş. компаниясымен 700 орындық әскери мектеп салуға келісімге келуге рұқсат берілген. Құрылыс 2022 жылы қаңтарда басталып, 2024 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтіледі.

Жаңа әскери мектеп Сапармұрат Түркіменбашы және Атамұрат Ниязов көшелерінің қиылысында салынады. Бұл жерде сүрілген үйлердің тұрғындары жаңа үйлер салынғанға дейін пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG