Ссылки доступа

Эмомали Рахмон төртінші рет Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон төртінші рет қатарынан елдің Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды. Мұндай шешім аталған комитеттің бас ассамблеясының 28 желтоқсанда өткен жиналысында қабылданды.

Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы төрт жылдық мерзімге — 2024 жылға дейін сайланды. Комитет жетекшілігіне Эмомали Рахмон жалғыз үміткер болды. Ол осыған дейін бұл қызметке 2009, 2013 және 2017 жылдары сайланған.

Тәжікстанның жастар істері және спорт бойынша комитетінің төрағасы Абдулло Рахмонзода мен Тәжікстанның жеңіл атлетика федерациясының төрағасы Дилшод Назаров Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенттері болып сайланса, Мухаммадшо Абдуллозода комитеттің бас хатшысы болып тағайындалды.

Бас ассамблея отырысында Ұлттық олимпиада комитетінің 2017-2021 жылдар аралығында атқарған істері бойынша есеп берілді. Онда бұл жылдары тәжікстандық спортшылар Ислам ынтымақтастық ойындарында үш қола медаль, Ғимарат ішіндегі жауынгерлік өнер бойынша Азия ойындарында 51 медаль (үш алтын, 14 күміс, 34 қола) және Азия ойындарында жеті медаль (төрт күміс, үш қола) алғаны атап өтілді.

Токиодо өткен жазғы Олимпиада ойындарында ешқандай медаль ала алмады. Мұнда Тәжікстан постсоветтік елдердің ішінде соңғы Олимпидада бірде бір медаль алмаған жалғыз өлке болып қалды.

XS
SM
MD
LG