Ссылки доступа

Өзбекстанда наразы фермерлер жолды жапты (видео)


27 желтоқсанда Ташкент облысы Букин ауданында елу шақты фермер мақта өңдеу зауытына баратын жолды жапты.

Фермерлер өткізген мақтасы үшін ақша төленбей жатқанына осылай наразылық білдірді.

"АПК Бука" кластерінің өкілі фермерлерге келіп, 31 желтоқсанға дейін келісімде көрсетілгендей ақша төлеп беруге мүмкіндік жоқ екенін айтқан. Диқандар жергілікті әкімге де барған. Бірақ ол да көмектесе алмаған.

Фермерлер наразылығынан соң "АПК Бука" кластерінің басшысы Ахрор Душабоев 31 желтоқсанға дейін несие алып, фермерлердің ақшасын төлеп беруге әрекет жасайтынын жеткізген.

Фермер Шухрат Абдугаффоровтың сөзінше, кластер оларға 360 млн сум (32 мың доллар) қарыз. Аты-жөнін айтуды жөн көрмеген тағы бір диқан 30 миллионнан 1,5 млрд сумға дейін (27,6 мың доллар - 138 мың доллар) ақшасын даулап жүргендер бар екенін айтты.

Өзбекстанда кластерлерге байланысты мәселе жиі көтеріледі. Жыл сайын диқандар ақшасын ала алмай жүреді. Кластерлердің дені мемлекеттен алған несие есебінен істейді.

Бўка тумани фермерлари норозилик сифатида пахта заводи дарвозасини тўсди
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:35 0:00

XS
SM
MD
LG