Ссылки доступа

Душанбе-Худжанд тас жолы жүк көліктері үшін жабылды (видео)


Қалың жауған қардан Душанбе-Худжанд тас жолында жүк көліктеріне шектеу енгізілді. Бұл туралы көлік жолын бақылайтын IRS компаниясының Тәжікстандағы өкілі хабарлады.

Душанбе қаласын елдің солтүстік бөлігімен байланыстыратын жалғыз көлік жолының 52 шақырымына қалыңдығы бір метр қар түсті.

"Қазір жол жүк көліктері мен тіркеуі бар көліктерден басқа жеңіл транспорттар үшін ашық", - деді компания өкілі.

Автотрасса Душанбе-Худжанд закрыта для фур
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

Жүк көлігінің жүргізушісі Комил Пирназаров бір тәуліктен бері жолдың ашылуын күтіп жатқанын айтты.

"Бізді айдалаға тоқтатып қойды. Егер жол жабылады деп алдын ала ескертсе, жол бойындағы кафелердің бірінде тоқтап үлгеретін едік. Енді тамақтану үшін жеңіл көлікті тоқтатып, басқа жерлерге барып келуге мәжбүр болып жатырмыз", - деді ол.

1 қаңтардан бастап IRS компаниясы Душанбе-Хожент-Чанак ақылы тас жолының бағасын көтерген.

Innovative Road Solutions (IRS) компаниясы 2009 жылы Британ-Виргин аралдарында офшорда тіркеуден өткен. Дереккөз бұл компанияның Тәжікстан президентінің отбасына қатысы барын айтады.

XS
SM
MD
LG