Ссылки доступа

Түркіменстанда қолдан жасалған салюттан үш адам қаза болды


Түркіменстанның Лебап облысына қарасты Чаржев ауданында 1 қаңтарға қараған түні қолдан жасалған салюттан үш адам қаза болып, 20-дан астамы жарақат алды.

Ақпаратқа қарағанда, жарылыс Гушчулар ауылында жаңа жылдық шырша орнатылған алаңда болған. Нәтижесінде 14 жастағы екі жасөспірім мен 40 жастағы тұрғын көз жұмған. Бұдан бөлек бір баланың қолы мен бір адамның аяғы жұлынып кеткен. 20-дан астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, салютты жасаған адам ұсталып, қамауға алынған.

Түркіменстанда салюттар мен фейерверктер сатуға тыйым салынған. Жыл сайын Жаңа жыл алдында түркімен тұрғындары салютты қолдан жасайды.

XS
SM
MD
LG