Ссылки доступа

Қырғызстан "Қамбар-ата1" ГЭС-ін өз есебінен салуды қарастырып жатыр


Қырғызстанның энергетика министрі Доскул Бекмурзаев Қырғызстан "Қамбар-ата1" ГЭС-ін ішкі ресурастар есебінен салуды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

"Камбар-ата 1" ГЭС-ін өз қаражатымызбен салсақ, жақсы болады. Оптимизация, қазіргі реформалардың негізінен қаражатты үнемдеп, жобаларға жұмсасақ жақсы болады",- деді Бекмурзаев.

Министр "Қамбар-ата1" ГЭС-інің алғашқы агрегатын үш жыл ішінде салуға болатынын айтты.

Бұл жоба өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері жоспарланған. Ол Нарын дариясының жоғарғы жағында, Жалал-Абад облысы аймағында салынуы керек.

2010 жылы Ресеймен келісімге отырған. Бірақ уақытында салынбағандықтан, қырғыз тарабы келісімді бұзды.

"Камбар-ата-1" салынса, бұл Қырғызстандағы ең ірі гидроэлектр станциясы болмақ.

XS
SM
MD
LG