Ссылки доступа

Судан премьер-министрі жаппай наразылықтан кейін отставкаға кетті


Судан премьер-министрі Абдулла Хамдук биліктің әскерилердің қолына топталуына және саяси дағдарысқа байланысты қызметтен кеткенін мәлімдеді.

"Мен жауапкершілікті мойныма алып, премьер-министр қызметінен кеткенімді жариялаймын. Мен басқа адамға елді өтпелі кезеңнен алып жүруге мүмкіндік беруді шештім", - деді Хамдук.

Ол Суданның толық демократиялы елге өтуі үшін саяси күштерді диалогқа шақырды.

2021 жылдың қазан айында Суданда кезеңті төңкеріс болып, әскерлер елге бақылау енгізгенін, министрлер кабинетін және тәуелсіз кеңесті таратқанын жариялаған.

Өтпелі үкіметтің бірнеше мүшесі, оның ішінде Хамдук та қамауға алынған. Бір айдан соң елдің іс жүзіндегі лидері, генерал Абдел Фаттах әл -Бурхан мен премьер-министр Хамдук қызметіне қайта келген.

Екеуінің арасында саяси келісімге қол қойылған. Бірақ Хамдук армия таратқан бұрынғы үкіметтің орнына жаңасын құра алмады.

Үкімет басшысының қызметінен кетуін талап еткен акцияда үш адам қаза тапты.

2021 жылдың қазанынан бері Судандағы қарсылық акциясы кезінде 57 адам қайтыс болған.

Оның алдында әскери төңкеріс Суданда 2019 жылдың сәуір айында болған. Өлкені 30 жыл басқарған президент Омар әл-Башир отставкаға кетіп, әскерилер елдегі билік өздері құрған кеңеске өтетінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG