Ссылки доступа

Ресей елшісі: Өзбекстанда АЭС салуға кедергі жасаушы елдер бар


Посол России в Узбекистане Олег Мальгинов.
Посол России в Узбекистане Олег Мальгинов.

Ресейдің Өзбекстандағы елшісі Олег Мальгинов Өзбекстанда атом электр станциясын салу жобасы қандай деңгейде екені туралы айтты. Елшінің мәлімдеуінше, бұл жобаға кедергі жасаушы елдер бар, бірақ олардың өздері де бірнеше атом станциясына тапсырыс берген.

"АЭС жөніндегі мәселені президенттер көтерді. Олар жобаны жүзеге асыру жұмыстарын бастап берді. Қазір бұнымен сарапшылар айналысып жатыр. Осы тұста көптеген техникалық сұрақтар туындады. Әуелі реактрға қатысты бір жоспар болған, бірақ ғалымдар күмәндана бастады. Өзбектанда су тапшы болғандықтан реактордың басқа бір түрін пайданалуды ұсынды. Мәсәлені талқылап жатырмыз", – деді елші.

Дипломаттың мәлімдеуінше, Өзбектанда АЭС салуға кедергі жасауға талпынып жатқан елдер бар.

"Өзбекстанда АЭС салуға қарсы шығып, алаңдап отырған көрші елдер барын білеміз, бірақ олардың өздері де үш станцияға тапсырыс берді. Егер олар тезірек салып бітірсе, онда аймақта электр қуатын саудалауға көшеді. Бәсеке бар, сол себепті кешігіп қалмау керек", - дейді елші.

Жоспарға сәйкес, Өзбекстанда атом электр станциясының құрылысы 2022 жылы басталады.

Ресей үлгісіндегі АЭС құны 11 миллиард долларға бағаланды, алғашқы қуат блогы 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG