Ссылки доступа

Түркімен шекарашылары мен тәліптер атысты


Түркіменстан мен Ауғанстан шекарасында 3 қаңтарда түркімен шекарашылары мен "Талибан" қозғалысының содырлары қақтығысып қалды.

Шекарада дүйсенбі күні күндіс атыс болғанын, зымырандар ұшқанын Ауғанстанның Жаузжан провинциясына қарасы Хамяп ауданының тұрғындары хабарлады.

Кейін бұл мәліметті ауған ақпарат құралдары растады. TOLOnews басылымының жергілікті тәліптердің билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, түркімен шекарашылары "Талибан" содырларын атқылаған. Тәліптер бұл маңға бейбіт тұрғынның өлімін тексеруге келген. Оны да түркімен шекарашылары өлтірген делінеді.

Hasht-e subh ауған газетінің дерегінше, үш күн бұрын шекарада бір бейбіт тұрғынды өлтірген.

"Түркіменстан шекарашылары үш күн бұрын бір бейбіт тұрғынды өлтіріп, тағы біреуін ұрған. "Талибан" содырлары қарымта қайтару үшін оқ атқан", дейді "Талибан" өкілі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауған-түркімен шекарасындағы атыс бірнеше сағатқа созлған. "Талибан" содырлары Түркіменстан жаққа бірнеше зымыран атты, дейді тұрғындар.

Бұл атыстан зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Түркіменстан үкіметі ауған шекарасындағы жағдай туралы ақпарат таратпады.

XS
SM
MD
LG