Ссылки доступа

Тәжік елшілігі: Мәскеу әуежайында "қалып қойған" мигранттардың дені елге қайтты


Тәжікстанның Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, Мәскеудегі Домодедово әуежайында қалып қойған тәжік азаматтарының дені ұшаққа отырды.

Бұның алдында Озоди радиосы Ресейден депортациялау туралы шешім алған қырықтан астам тәжік мигранты үш күннен бері елге кете алмай отырғанын жазған.

Мигранттардың айтуынша, Ресейге жұмыс істеуге келгендер "қара тізімде" екенін біліп, бұл елдің аумағына кіре алмаған.

Тәжік елшілігінің 3 қаңтарда хабарлауынша, еңбек мигранттарын Ресейге алдырған ұйымдармен келіссөздер нәтижесінде, олардың бірқатары Тәжікстанға кері қайтарылды.

"Қалған жолаушыларды қайтару мәселесін Ресейдің құзырлы органдарымен талқылап жатырмыз", - делінген елшілік хабарламасында. Онда тағы неше адам елге қайта айлмай жүргені айтылмады.

Ресей билігі бұл мәселеге қатысты мәлімет бермеді.

Ресей бірнеше жылда Тәжікстанның шамамен 300 мың азаматын депортациялады. Еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаушылардың айтуынша, билік тәжік азаматтарын елден шығару туралы шешімді көп жағдайда негізсіз қабылдап отыр.

XS
SM
MD
LG