Ссылки доступа

Centerra Gold Inc. Қырғызстанмен келіссөзде қойылған талаптарын жариялады


Қырғызстандағы "Құмтөр" алтын кенін өндіруші канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы 3 қаңтарда қырғыз үкіметімен келіссөз жүргізіп жатқаны туралы мәліметті растады.

Компания сайтында жарияланған мәлімдемеде Centerra Gold Inc. Қырғызстан билігінен "Құмтөрді" қайтаруын талап еткен. Мұнда басқа да талап айтылған.

Атай айтқанда, қазір "Қырғызалтынға" тиесілі 26,1% акцияны Centerra Gold Inc. компаниясына тапсыру, "Қырғызалтынның" екі мүшесін директорлар кеңесінен шығару талаптары қойылды. Сонымен бірге, канадалық компания қырғыз билігінен сот шағымдарын доғаруд талап етіп отыр.

Канадалық компания келіссөздер жүріп жатқанын, бірақ айтылған ұсыныстар бойынша оң шешім қабылданады дегенге сенім жоқ екенін мәлімдеді.

2 қаңтарда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Құмтөрге" барып, канадалық Centerra Gold компаниясымен келіссөз жүріп жатқанын айтты. Президенттің мәлімдеуінше, бейбіт келіссөздер нәтижесінде "Құмтөр Голд Компания" Қырғызстанға өтуі мүмкін.

Құмтөр - Қырғызстандағы ірі алтын кені, мұнда жыл сайын 15-17 тонна алтын өндіріледі.

XS
SM
MD
LG