Ссылки доступа

Францияда коронавирустың жаңа штамы тіркелді


Марсель қаласындағы жұқпалы аурулар институтының ғалымдары коронавирустың жаңа штамын анықтады. Бұл туралы француз ақпарат құралдары хабарлады. Коронавирустың жаңа түрінің қаншалықты қауіпті екені туралы мәлімет жоқ.

Камеруннан Францияға оралған азаматтан коронавирустың жаңа штамы анықталды. Вирустың бұл түрін тағы 12 адам жұқтырғаны мәлім болды. Ғалымдардың алдын ала зерттеулеріне қарағанда, жаңа штамның 46 мутациясы бар.

Францияда коронавирус тез тарап жатыр – елде бір тәулікте 200 мыңнан астам адам осы вирусты жұқтырған. Олардың шамамен 60 пайызы "омикрон" штамын жұқтырғаны анықталды. Вирустың бұл түрі былтыр қарашада ОАР-да тіркелген.

Билік вирустың тез таралуына тосқауыл қою мақсатында елде шектеулерді күшейтті. Француз парламенті қосымша шектеулер қарастыратын заң жобасын талқылап жатыр.

XS
SM
MD
LG