Ссылки доступа

Өзбекстанда метан газы тапшылығынан май құю станцияларында кезек көбейді (видео)


Өзбекстанда қыс басталғалы бері электр энергиясы мен табиғи газдың тапшылығымен қоса, метан газы да жетіспей тұр.

Мамандар бұл көріністің соңғы жылдары жиі қайталанып жатқанын айтады.

Қазір барлық аймақтардағы май құю станцияларында метан газына кезек көбейді.

"Жаңа жылдың алдында жағдай қиындады. Түнгі үште барып көлігіме метан газын құйып алып жүрдім. Күніне кемінде 5-6 сағаттан кезекте тұратын болдық. Желтоқсан айының басында бағаны 2800 сумға көтеріп жіберді",- дейді Жахонгир есімді Ферғана облысының тұрғыны.

Ол газ бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына да әкелгенін айтады.

Сырдария облысында 1 текше метр метан газының бағасы 2500-2600 сум (0,24 долларов США).

Мамандар қыс мезгілінде газ қысымының төмендеп кетуін газ құбырларының ескіруімен байланыстырады. Энергетика саласын толық модернизациядан өткізу керек деп есептейді. Енді бірі бұл салада жемқорлық өте көп дейді.

Былтыр жылдың аяғында май құю станцияларында газ беруге уақытша шектеу енгізілген. Ресми мәлімдемеде шектеудің себебін, аурухана, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге табиғи газды тұрақты жеткізіп тұру мақсатында деп түсіндірілген.

Мемлекеттік комитеттің статистикасы бойынша, 2021 жылы Өзбекстан 53,8 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлаған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,7 млрд текше метрге кем.

Жаңа жылдан бастап Өзбекстан үкіметі электр энергиясы, газ, ыстық су және ауыз су тарифінің бағасы өсетінін ескерткен.

XS
SM
MD
LG