Ссылки доступа

Ашғабад мешіттерінде намаз оқуға тыйым салынды


Ашғабадта мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жұма намазына қатысуға тыйым салынды.

"Егер арнайы қызметкерлердің өкілдері мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлерінің намаз оқып жатқанын анықтаса, олар жұмыстан босатылады", - деп хабарлады Азаттықтың дереккөзі.

Соңғы он жылдан бері мекеме кеңселерінде намаз оқу үшін арнайы бөлме ашуға тыйым салынған.

Бірақ соған қарамастан мешіттерде тұрақты түрде азан шақырылады. Коронавирус пандемиясы басталғалы бері азаматтарға жаппай намаз оқуға тыйым салынған.

Қазір намазды тек үйде оқуға ғана рұқсат.

Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елінде коронавирус анықталмады деп келеді.

XS
SM
MD
LG