Ссылки доступа

Бішкектің полигон аймағында қоқысты іріктеп, өндіретін зауыт салынады 


Бішкек мэрі Айбек Жунушалиев қаланың санитарлық полигонында зауыт құрғалы жатқан "Эко-Тренд Плюс" компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу кезінде инвестор 5 қаңтардан бастап полигонда зауыт салуға дайындық басталатынын жеткізген. Былтыр 24 желтоқсанда Бішкек әкімдігі мен "Эко-Тренд Плюс" компаниясы келісімге отырған. Оған сәйкес, компания полигонда қоқысты іріктеп, өңдейтін зауыт салады.

Қала билігі қоқысты өңдейтін зауыт салу жайында бірнеше жылдан бері айтып келеді. Осыған дейін Еуропа даму банкінен бөлінген 22 млн еуроның 10,5 миллионы зауыт салатын компанияға аударылғанын, бірақ ешқандай іс жасалынбағаны айтылған.

Бішкекте қоқыс полигоны 1978 жылдан бері істейді. Бірақ бұл 400 мың адамға есептелген. Қазір Қырғызстан астанасында миллионнан астам халық тұрады.

XS
SM
MD
LG