Ссылки доступа

Қырғызстан: Тәжікстан себепсіз 50 қырғыз азаматын елінен шығарып жіберді


Қырғызстанның шекара қызметі Тәжікстан себепсізден себепсіз 50 қырғыз азаматын елінен шығарып жіберді деп хабарлады.

Мекеме мәліметінше, 2 қаңтар кешкісін "Карамык" шекара бекеті арқылы 47 қырғыз азаматы шығарылған. Олардың бәрі - Тәжікстанның Жергетал ауданының тұрғындары. Олардың отбасы мүшелері тәжік азаматтары, сонда тұрып, жұмыс істейді.

4 қаңтарда тағы үш қырғыз азаматы шығарылған.

"2-4 қаңтар аралығында тәжік билігі туыстарымен қоштасуға рұқсат берместен 24 сағаттың ішінде 50 қырғыз азаматын Тәжікстаннан шығарып жіберді", - делінген ҚР шекара қызметі таратқан мәліметте.

Ресми Душанбе бұл оқиғаға байланысты ешқандай пікір білдірмеді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара қашықтығы 970 шақырымды алып жатыр. Оның тек 519 шақырымы ғана белгіленген. Қалған аймақтары даулы күйінде қалып отыр. Осы даулы аймақта жиі жанжал шығып тұрады.

Былтыр көктем және жаз кезінде қарулы қақтығыс орын алып, екі тараптан ондаған адам қайтыс болып, жүздегені жараланған.

XS
SM
MD
LG