Ссылки доступа

Самарқандта 13 млн долларға салынған жаңа түнелден су ағып жатыр


Самарқандта жаңа түнелдің салтанатты ашылуы 31 желтоқсанда өткен.

Самарқандта 31 желтоқсанда салтанатты түрде ашылған жаңа түнелдің қабырғаларынан су ағып жатыр.

4 қаңтарда әлеуметтік желілерде жаңбырдан кейінгі түнелдің жағдайы тартылған видео жарияланды. Видеодан қабырғаларынан су ағып жатқанын көруге болады.

Жергілікті басылымдар түнел 2022 жылы өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында салынғанын жазған.

​Түнелдің ашылуы кезінде Самарқанд облысының әкімі Еркинжон Турдимов жергілікті құрылысшылар салғанына қарамастан, түнелдің сапасы жақсы екенін айтқан.

Жоба құрылысы басында 67,73 млрд сумға (6 млн доллар) белгіленген. Кейін 143 млрд сумға (13 млн доллард) салынған.

Бірқатар басылымдар түнелді салуға тендер жарияланбағанын, тек үкіметтің қаулысы бойынша салынғанын жазды.

"Өзбекстан темір жолы" ұлттық компаниясы түнел толық аяқталмастан, мейрам қарсаңында қолдануға берілгенін мәлімдеді.

"Түнел мейрам кезінде қаладағы кептелісті азайту үшін қолдануға берілді. Бірақ жұмыс әлі жалғасып жатыр", - делінген мәлімдемеде.

Рудаки көшесіндегі жерасты магистралдың жалпы ұзындығы 635 метрді, түнел ұзындығы 120 метрді құрайды.

Түнелді салған "Өзбекстан темір жолы" ұлттық компаниясы осыған дейін Сардаба су қоймасындағы апат, Ташкент метросы Юнусабад сызығындағы қайғылы оқиға үшін сынға қалып келеді.

XS
SM
MD
LG