Ссылки доступа

Алматыда наразылар қала әкімдігіне басып кірді


Алматыда наразылар қала әкімдігіне басып кірді. Әкімдіктің есік-терезелері сындырылды деп хабарлады Vlast сайты. Ақпаратқа қарағанда, жаңа алаңға бірнеше мың адам келген.

Жаңа алаңға жақын кеңселерде істейтіндер оқ атылғанын естіген. Күштік құрылымдар топқа шулы гранаталар лақтырған. Әкімдікте қызметкерлер бар-жоғы белгісіз.

Бұған дейін бірнеше наразы топтың қала орталығына қарай жылжып бара жатқаны хабарланған еді. Алайда әкімдікке нақты қай топтың кіргені белгісіз.

"Новая газета" әкімдіктің өртеніп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG