Ссылки доступа

Бердімұхамедовтің Мары өңіріне сапары кезінде интернет пен ұялы телефон байланысы бұғатталды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Мары облысы Йолөтенауданына барғанда, жергілікті тұрғындарға көшеге шығуға тыйым салынып, интернет пен мобилді байланыстар өшірілді.  

"Көліктер тоқтатылып, көшелер тазаланды. Көптеген ауылдарда электр жарығы сөндірілді. Интернет пен телефон байланысы бұғатталды. Адамдар елдегі және шетелдегі ағайын-туысымен сөйлесе алмай жатыр", - деді жергілікті тұрғынның бірі.

Интернет бұғатталғандықтан барлық аудандарда төлем терминалы істемей тұр. Аудан тұрғындары банкоматтан ақша ала-алмай жатқанын айтады.

Президент Мары қаласына келерде көшелер тазаланып, жабайы ит-мысықтарды ұстау бойынша рейдтер өткізген.

Президент Мары облысына 3 қаңтарда барған. Мемлекет басшысы жайлауға барғанда, ол жерден шопандар қуылған.

Жергілікті билік шопандарға "президент тікұшақпен ұшуды жоспарлап жатыр, сол себептен малды алысқа айдаңдар, беттеріңе маска тағыңдар" деп тапсырма берген.

Он күн бұрын Мары және Лебап облыстарына мемлекет басшысының ұлы Сердар да сапарлап келген.

XS
SM
MD
LG