Ссылки доступа

Сеул мен Токио Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді 


Солтүстік Корея Жапон теңізін көздеп белгісіз снаряд ұшырды, ол бәлкім баллистикалық зымыран болуы мүмкін. Осылай деп Рёнхап агенттігі Оңтүстік Кореяның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. 

Жапонияның жиек күзеті мәлімдегендей, зымыран қалдықтары теңізге түскен. Жапонияның қорғаныс министрлігі зымыран 500 шақырымдай ұшып барып, Жапонияның экономикалық аймағына түскенін хабарлады.

Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шұғыл жиналыс өткізді. Кеңес мүшелері Солтүстік Кореяны келіссөзге шақырды. Жапония үкіметі арнайы дағдарыс штабын құрды.

Солтүстік Корея әзірге зымыран ұшырғаны жөнінде ресми мәлімет бермеді. Бірақ бұл Пхеньянның 2022 жылдағы алғашқы зымыран сынағы болуы мүмкін. 2021 жылдан бері өлке кем дегенде тоғыз рет зымыран ұшырған.

Солтүстік Кореяға зымыран және ядролық бағдарламасы үшін АҚШ және БҰҰ тарапынан санкция салынған. Өткен аптада өлкенің лидері Ким Чен Ын басқарушы партияның жиналысында әскери күшті күшейтетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG