Ссылки доступа

"Омикрон" штамы Өзбекстанда анықталды


COVID-19 вирусының "омикрон" деп аталатын жаңа штамы Өзбекстанға келген шетел азаматынан табылған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Мекеме мәліметіне қарағанда, "омикронға" байланысты өлкеде қоғамдық орындарда маска тағу режимінің, әлеуметтік аралық және жеке гигиена талаптарының сақталуына бақылау күшейтілген.

Коронавирусқа қарсы күрес бойынша республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, кіші қажылықтан қайтып келген өзбекстандықтардан ПТР тест талап етіле бастайды. Бұдан бөлек өлкедегі барлық мекемелер мен кәсіпорындардың жетекшілеріне екпеден өткен ғана қызметкерлердің жұмыс орындарына баруға рұқсат ету тапсырылған. Бұл талапты орындамаған мекеме басшыларына қатаң шара қолданылатыны ескертілген.

Коронавирустың "омикрон" штамы былтыр желтоқсаннан бастап АҚШ, Дания, Оңтүстік Корея, Британия, Ресей, Израиль, Нидерланд, Франция, Жапония және Үндістанда тарай бастаған. Оның COVID-19 вирусының басқа штамдарына қарағанда тез тарайтыны айтылады.

XS
SM
MD
LG