Азаттық радиосының тәжік қызметі - Озоди радиосы дереккөзінің хабарлауынша, сотталған әйелдер былтыр жазда Ауғанстаннан Тәжікстанға жеткізілген. Оларға Ауғанстанда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қосылды деген айып тағылды, алайда күдіктер мен олардың адвокаттары бұны жоққа шығарып отыр.
Билік бұл істерге қатысты ресми мәлімет таратпағанына қарамастан, Озоди радиосы сотталған әйелдердің аты-жөнін анықтады. Олардың екеуі 12 жылға, қалған төртеуі 14 жылға сотталды.
Ауғанстанда "Ислам мемлекетінің" Қорасан бөлімі жұмыс істейді. 2015 жылы Сирия мен Иракта аталған экстермистік топ жеңіліске ұшыраған соң, тәжік содырларының бір бөлігі Ауғанстандағы осы топқа қосылған.
Бұған дейін бірнеше тәжік әйелі Ирактағы экстремистік ұйымдарға қосылғаны үшін ұзақ жылдарға сотталған.