Ссылки доступа

Өзбекстанға Moderna вакцинасының жарты миллион дозасы жеткізілді


Өзбекстан COVAX ғаламдық бағдарламасы аясында Moderna вакцинасының тағы 500 мың дозасын алды.

Дүйсенбі күні Ташкентке COVAX ғаламдық бағдарламасы аясында Moderna вакцинасының 500400 дозасы тиелген жүк жетті. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа жылда коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы жүгі де жетті.

COVAX платформасы аясында елге әкелінген вакцина дозасының саны 9,5 миллионнан асты. Жүкті жеткізу жұмыстарын ЮНИСЕФ атқарып келеді.

Өзбекстанда шетелден алынған, сыйға алған, елде өндірілген вакцина дозасының саны 49,5 миллион дозадан асты. Вакцина салдыру науқаны кезінде 40 миллионнан астам доза жұмсалды.

XS
SM
MD
LG