Елде нан басты тамаққа, ал кейбір отбасылар үшін жалғыз ғана тамаққа айналып барады.
"Көптеген адам нанмен ғана күнелтіп жүр. Нанмен шай, маргаринмен нан. Түрлі азық-түлік алу жоқ, Түркіменстанда айлық жетпей жатыр", - дейді бір тұрғын.
Жыл басында жағдай одан сайын қиындай түсті. Нан кезегінде тұрғандарға нан жиі жетпей қалып жатыр.
Оның үстіне, жаңа жылдан бастап субсидияланған бағамен сатылатын азық-түлік тізімі одан сайын қысқарды.
"Қазір онда тауықтың екі сан еті мен жұмыртқа ғана қалды", - дейді астана тұрғыны. Оны бір айға береді.
Мәліметтерге қарағанда, Түркіменстан базарларында азық-түлік қымбаттаған, бірақ халықтың дені базардан қымбат тауар сатып ала алмай отыр.
Түркіменстанның азық-түлік дағдарысынан шыға алмай келе жатқанына бірнеше жыл болды.