Ссылки доступа

Адамға алғаш рет шошқа жүрегі орнатылды


АҚШ-та тарихта алғаш рет адамға шошқа жүрегі орнатылды. Күрделі ота Мэриленд университетінің медициналық орталығында жұма күні 57 жастағы Дэвид Беннетке жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас "жасанды жүрек-өкпе" аппаратынан әлі ажыратылмаған, бірақ жаңа жүрек жақсы жұмыс істеп тұр. Олар жасанды жолмен қан айналдыру аппаратын сейсенбі күні сөндіруді жоспарлаған.

Емнің басқа түрлері нәтиже бермеген соң Дэвид Беннет осындай күрделі тәжірибеге қатысуға келіскен. "Таңдау қиын емес: өлім немесе трансплантат. Өмір сүргім келеді. Бұның қиын ота екенін білемін, бірақ басқа амалым жоқ", - деген Дэвид Беннет ота қарсаңында.

Дәрігерлер әзірге болжам жасауға асықпай отыр, дегенмен мамандар бұл оқиға медицинада жаңа бағыт әкелгенін мәлімдеді. "Үлкен өзгерістер әкелетін жаңа жол ашылды. Адам ағзаларының бірі істен шықса, оны қалай емдеуге болатынын біліп жүреміз", - дейді хирург-транслантолог Дэвид Классен.

Былтыр 41 мыңнан астам америкалық донор ағзасын алған. Төрт мыңға жуық америкалық жүрегін ауыстырған.

XS
SM
MD
LG