Ссылки доступа

Тәжікстанда шенеуніктерді өзгенің үйіне рұқсатсыз кіргені үшін соттамайды


Турсунзаде қаласының прокуратурасы бөтен біреудің үйіне рұқсатсыз кірген адамның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатты.

Былтыр қарашада тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы жергілікті бір тұрғынның үйіне рұқсатсыз кірген. Сол кезде үйде болған кішкентай қыз бөгде кісіден қатты шошып, кейін ауырып қалған.

Кейін мәлім болғандай, ол бұл үйге әскерге барудан қашып жүрген іздеп келген. Қыздың анасы прокуратураға арызданып, құзырлы орган өзгенің үйіне рұқсатсыз кіргені үшін іс қозғады. Бірақ кейін ол арызын қайтып алған. Соған байланысты прокуратурадағылар қылмыстық іс тоқтағанын хабарлаған.

Тәжікстандағы заңгерлердің айтуынша, елде жергілікті шенеуніктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзгенің баспанасына рұқсатсыз бас сұқпау тәртібін жиі бұзады. Дегенмен шенеуніктерге қарсы қозғалған істердің біреуі де сотқа жетпеген.

XS
SM
MD
LG