Бір жыл бұрын осы уақытта Тоқтоғұлда 11,7 млрд текше метр су болса, 2019 жылғы көрсеткіш - 14,5 млрд.
2021 жылы қоймаға судың аз жиналуына байланысты Қырғызстан электр қуаты тапшылығына ұшырады. Былтыр қарашада қырғыз энергетика министрі Доскул Бекмурзаев 2022 жылдың сәуіріне қарай Тоқтоғұлда бар болғаны 7 млрд текше метр су қалады деп болжаған. Мұндай жағдайда Тоқтоғұл ГЭС-і тоқтап қалады.
Үкімет халыққа электр қуатын үнемдеуді үнемі ескертіп отыруға мәжбүр. Республикада жарыққа лимит енгізілген.