Шекарадан өте алмай тұрған жүк көліктерінің онында ауыл шаруашылығы өнімдері, жиырмасына контейнерлер тиелген.
Қырғызстан шекара қызметі жүк көліктерінің көбейіп кетуін мерекеден кейінгі белсенділік деп есептейді.
Қырғыз жағында жүк көліктеріне шектеу жоқ.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы басқа да бекеттерде адамдар мен көліктердің кезегі байқалмайды.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының қырғыз жағында жүк көліктерінің кезегі үнемі пайда болып тұрады, кейде оның ұзындығы бірнеше шақырымға созылады.