Ссылки доступа

Тәжікстанда Ресейге ұшу билеттері бірден қымбаттады (видео)


Тәжікстанда Ресей қалаларына ұшу әуебилеттері бірден қымбаттап кетті. Бір апта бұрын Душанбе-Мәскеу бағыты бойынша 3-3,5 мың сомониден сатылып жатқан билеттер 5-6 мың сомониге дейін қымбаттаған.  

Душанбеде тұратын Сафарали Давлатов әуе билет бағасы сағат сайын өсіп жатыр дейді.

"Таңертең авиакассаға барғанымда Мәскеуге билеттер 4450 сомони болып тұрған. Бір сағаттан кейін келсем, сол билеттер 4700 сомони болып кетіпті. Бірқатар жерлерде 5-6 мың сомониден сатылып жатыр. Бағаны ресейлік және тәжікстандық әуе компаниялары өздері қояды. Түсініксіз",- деді ол.

Ресейлік "ЮТэйр" әуе компаниясының өкілі Хусейн Усмонов Жаңа жылдан кейін сұраныс көп болғандықтан, билет бағасының қымбаттағанын жасырмайды.

"Жаңа жылдан кейін Ресейге ұшушылар саны күрт көбейді. Осыған сәйкес баға да өсіп жатыр",- деді ол.

Бүгінде екі ел арасында Ресейдің "Ютэйр", "Орал әуе жолдары", "Сибирь", "Ямал" және Тәжікстанның "Сомон Эйр" әуе компанияларының ұшақтары қатынайды.

Әзірге Тәжікстан үкіметі әуе билеттерінің қымбаттауы жөнінде пікір білдірмеді.

В Таджикистане резко выросли цены на авиабилеты
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:43 0:00

XS
SM
MD
LG