Ссылки доступа

Түркіменстан Қазақстандағы азаматтарын алып келу үшін рейс ұшырмақ


Түркіменстан билігі ұзақ үнсіздіктен кейін шетелдегі азаматтарын алып келу бойынша арнайы рейс ұйымдастырады. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, арнайы рейс ұйымдастыру Қазақстандағы соңғы оқиғаларға байланысты және оны бұл өлкеден "Түркімен әуе жолдары" компаниясы 15-16 қаңтарда атқарады деп күтіледі.

Түркімен үкіметі соңғы рет 30 қаңтарда Мәскеудегі азаматтарын алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырған.

Бүгінгі күнге дейін Түркіменстан 2020 жылы басталған пандемиядан кейін Ресей, Беларусь, Үндістан, Өзбекстан, Түркия және басқа да елдерден арнайы рейспен азаматтарын алып келген.

XS
SM
MD
LG