Ссылки доступа

Тәжікстан Пекиннің "қауіпсіз" Олимпиада ойындарын өткізу ниетін қолдайды


Тәжікстан билігі Пекиннің "қауіпсіз" Олимпиада ойындарын өткізу ниетін толық қолдайтынын мәлімдеді.

Бірқатар мемлекет, солардың ішінде АҚШ, қытай билігін адам құқықтарын бұзды деп айыптап, Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық немесе ресми делегация жіберуден бас тартты. Ойындар 2022 жылы 4-20 ақпан аралығында Қытай астанасында өтеді.

Тәжікстан ұлттық "Ховар" ақпарат агенттігінің елдің арнайы қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, "аймақтағы қазіргі жағдай тұрақсыз, тиісті орталықтардан шығатын террористік қатер Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың батыс өңірлеріне қауіп төндіріп тұр. Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында бұл өзекті мәселеге айналды".

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттің хабарламасында "тиісті орталықтар" не екені айтылмаған.

Арнайы қызмет мәліметінше, тәжік спортшылары мен Тәжікстанның ресми делегациясы Олимпиадаға қатысады, ал мемлекеттік комитет олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Еске салайық, АҚШ президенті Джо Байден Қытайда адам құқықтары өрескел бұзылып жатқанын, "Шыңжаңдағы мұсылмандар қудалауға ұшырағанын" айтып, Ойындарға бойкот жариялауды қарастыратынын мәлімдеген. Кейін Құрама Штаттар жоғары лауазым өкілдерін, дипломаттарды да Қытайға жібермейтін болып шешті.

Тәжікстанның екі атлеті қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін таласады — Бахриддин Гоибов пен Сайдашраф Эшонов тау шаңғы спортымен шұғылданады.

XS
SM
MD
LG