Ссылки доступа

Тәжікстан COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация жүргізбек (видео)


Тәжікстанда COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация жоспарланып жатыр. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Мекеме мәліметіне қарағанда, бірінші кезекте коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын халықтың бірқатары алады.

Душанбедегі медициналық мекемелердің көбі ревакцинацияға дайын екенін жеткізді.

Тәжікстанда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу былтыр наурыз айында басталған. Ресми мәліметтерге сәйкес, содан бері халықтың 58% екпе алса, 69% вакцинаның бірінші дозасын алған.

Әлеуметтік желі қолданушылары кейбір аймақтарда адамдарды екпе алуға мәжбүрлеп жатқанын айтады.

Тәжікстанда халықты коронавирусқа қарсы емдеу үшін CoronaVac, AstraZeneca, Moderna, Pfaizer және Sputnik V вакциналары қолданылып жатыр.

Таджикистан готов к ревакцинации против COVID-19
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00

XS
SM
MD
LG