Ссылки доступа

Тәжікстан көрші елдерде "омикрон" штамының таралуына байланысты шекарадағы тәртіпті күшейтті


Тәжікстан билігі көрші елдерде коронавирустың "омикрон" штамы таралуына байланысты шекаралардағы бақылауды күшейтті.

Тәжік денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамдары елде таралуы мүмкін екенін мәлімдеп отыр, бірақ әзірге "омикрон" штамы Тәжікстанда кездеспеген.

Коронавирустың "омикрон" штамы тез таралады, вакцина салдырған адамдарға да жұғады. Жаңа штамм Тәжікстанмен көршілеріс Өзбекстан мен Қырғызстанда да тіркелді.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елде коронавирусты жұқтыру жағдайы соңғы мәрте 2021 жылғы 20 қарашада болған. Жергілікті тұрғындар ресми мәліметке сенбейді.

XS
SM
MD
LG