Ссылки доступа

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен кетті


 Нурсултан Назарбаев и Самат Абиш на церемонии вручения наград в Астане. 6 мая 2014 года
Нурсултан Назарбаев и Самат Абиш на церемонии вручения наград в Астане. 6 мая 2014 года

Мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы бүгін, 17 қаңтарда Ақорда сайты жазды.

40 жастағы Самат Әбіш – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 2010 жылдан бастап жұмыс істейтін Самат Әбіш күш құрылымдарындағы салмағы жоғары адамдардың бірі саналатын.

5 қаңтар күні, қаңтардағы оқиғалар шарықтап тұрғанда, Тоқаевтың өкімімен президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанда, Самат Әбіштің тағдыры түсініксіз болып қалды. Билік оның қызметінен кеткенін, не өз орнында қалғанын айтпады. Бірақ санаулы күннен соң комитет Самат Әбіштің қызметінен кетпегенін, әлі де төрағаның бірінші орынбасары екенін айтқан. Сөйтіп комитет төрағасының екі бірінші орынбасары жұмыс істеді.

14 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің демалыста екенін хабарлаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы болған Кәрім Мәсімов 6 қаңтар күні жұмыстан босатылып, екі күннен кейін ұсталды. Ол "мемлекетке сатқындық жасау", "қызметін асыра пайдалану", "билікті күшпен басып алу" істері бойынша күдікке ілініп отыр.

XS
SM
MD
LG