Ссылки доступа

Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы тағы тергелді


Адахан Мадумаров
Адахан Мадумаров

Жогорку Кенеш депутаты, "Бутун Қырғызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаровты Бас прокуратураға тағы шақыртты. Бұл туралы құзырлы органдағылар хабарлады.

Саясаткерді осымен екінші мәрте тергеуге шақыртып отыр. Мадумаров 2009 жылы Қауіпсіздік кеңесі хатшысы қызметін атқарып тұрған уақытта қырғыз-тәжік шекарасы жөніндегі хаттамаға қол қойған.

Алғаш рет саясаткерді прокуратура 14 қаңтарда шақыртты. Сол кезде ол тергеу оның саяси қызметіне қатысты болғанын айтты.

"2019 жылы шекараға қатысты іс қозғалған екен. Бірақ сол кезде іс жабылған. Былтыр желтоқсанда парламенттің жаңа сессиясы басталған уақытта іс қайта ашылған", - деді Мадумаров.

23 қазанда өткен баспасөз конференциясында президент Садыр Жапаров Тәжікстанмен шекарадағы мәселердің туындауына кінәлілердің бірі ретінде Адахан Мадумаровтың есімін атады.

Мадумаров мемлекет басшысының айтқандарын жоққа шығарып, хаттаманың заңдық күші жоқ екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG