Ссылки доступа

Өзбек билігі жаяу жүргендерге ақша төлеуді доғарады


"Салауатты өмір салты" платформасы күніне 10 мың қадам жаяу жүргендерге 3 мың сум (2 цент) төлеуді тоқтатады.

Өзбекстан туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 16 қаңтардан бастап салауатты өмір салтын дәріптейтін жаңа жүйе енгізіледі. Енді күнде 10 мың қадам жасағандар арасында лотерея ойнатылады. Апта сайын 1hls.uz платформасында 100 миллион сум (9250 доллар) және мың велосипед ойнатылады.

Ұтысты Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері қадағалайды. Оның құрамына белсенділер, IT-мамандар, журналистер мен блогерлер кірді.

Бұған дейін хабарланғандай, "Соғлом турмуш тарзи" ("Салауатты өмір салты") платформасы 43 млрд. 45 млн 953 мың сум төлеген. Платформаға 1 млн 200 мыңнан астам адам тіркелген.

XS
SM
MD
LG