Арнайы қызмет мәліметінше, "кеден қызметі органдарындағы жемқорлық туралы мәлімет түсті, оған қызмет жетекшілері мен бөлім басшыларының қатысы бар".
Комитеттің хабарлауынша, кеден қызметі басшылары тауар импорттайтын жекеменшік компаниялардың мүдделерін көздеп, оларға жеңілдік жасаған, оның орнына пара алған.
17 қаңтарда "жемқорлық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды, кеден қызметінің төрағасы Әділет Кубанычбеков уақытша тергеу изоляторына қамалды.
40 жастағы кәсіпкер Әділет Кубанычбеков Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы қызметіне 2021 жылғы 26 қазанда тағайындалған.