Ссылки доступа

Zakon.kz: Дариға Назарбаева қаңтардың аяғына дейін ақысыз демалыста болады


Мәжіліс депутаты, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева "қаңтардың аяғына дейін демалыста болады". Бұл туралы 17 қаңтарда Назарбаеваға қатысы бар делінетін Zakon.kz сайты хабарлады.

Сайт депутаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған. Қызмет мәліметінше, Назарбаева коронавируспен ауырған соң емделу мақсатында ақысыз демалыс алған.

12 қаңтарда Назарбаеваның көмекшісі депутат коронавируспен ауырып қалғанын, қазір ол Алматыдағы үйінде екенін хабарлаған.

Қазақстанда экс-президент пен оның туыстары қайда екені туралы түрлі болжамдар айтылып жатыр. Назарбаев былтырғы 28 желтоқсаннан бері көпшілік алдына шықпады. Ол елдегі наразылық акциялары, одан кейінгі қантөгіс туралы ештеңе айтқан жоқ. Бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан кеткен жоқ, Қауіпсіздік кеңесі басшылығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі тапсырды деп хабарлаған.

Ақпарат құралдарында экс-президенттің бауыры Болат Назарбаев қазақ-қырғыз шекарасынан асып, әрі қарай "Дубайға" ұшып кетті деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті оның туыстары, не Қазақстан билігі растамады.

XS
SM
MD
LG