Ссылки доступа

Өзбек үкіметі оқушылардың демалысы "көктемге дейін созылады" дегенді жоққа шығарды


Өзбекстан халық білімі министрлігі оқушылардың қысқы демалысы коронавирусқа байланысты көктемге дейін созылады деген мәліметті жоққа шығарды.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде оқушылардың демалысы 1 наурызға дейін созылды деген ақпарат тараған. Министрлік оны жоққа шығарып, оқушылардың демалысы 24 қаңтарда аяқталатынын хабарлады.

Өзбекстандағы мектептерде оқу 11 қаңтарда басталуы тиіс болған. Алайда білім министрлігі жекеменшік мектептердегі демалысты 24 қаңтарға дейін созу туралы шешім қабылдады.

Министрлік тұмаудан сақтанып, мұғалімдерді жаңа оқу бағдарламасына бейімдеу мақсатында осындай шешім қабылданды деп түсіндірді.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі 9 қаңтарда елде коронавирустың "омикрон" штамы пайда болғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG