Оның мәлімдеуінше, Украина Беларусь шекарасына жақын маңда күш жинап жатыр.
Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин бірлескен әскери оқулар өткізу туралы шешімді былтыр желтоқсанда қабылдаған. Дүйсенбі күні оның мазмұны мақұлданды. Лукашенконың айтуынша, оқулардың мақсаты - Батыс ("Прибалтика мен Польша") күштері мен "оңтүстік" (Украина) күштерге қарсы тұру. Бұл туралы БелТА агенттігі хабарлады.
Бірлескен оқулар өтетін уақыт әлі анықталған жоқ. Әскери оқулар "Союзная решимость – 2022" деп аталады.
Батыс елдері барлауының мәліметінше, Украина шекарасына жақын маңда Ресейдің шамамен 100 мың жауынгері шоғырланған. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әскери күштердің шоғырланғанын жоққа шығармады, бірақ көрші елге шабуылдау ниеті жоқ екенін мәлімдеді.