Ссылки доступа

Тәжікстанның үздік футболшысы өзбектің АГМК клубына ауысты


Алишер Джалилов (справа)
Алишер Джалилов (справа)

Тәжікстанның 2019 және 2021 жылдардағы үздік футболшысы Әлішер Жалилов өзбек Суперлигасындағы АГМК футбол клубына ауысты.

Футболшы Алмалық қаласының командасымен екі жылдық келісімге отырды. "Истиклол" футбол клубының хабарлауынша, Әлішер Жалилов енді Өзбекстан чемпионатында ойнайды.

Әлішер Жалилов 1993 жылы 29 тамызда Душанбеде туған. 2009 жылы Қазан қаласының "Рубин" жастар командасы сапында өнер көрсеткен. 2012 жылы "Нефтехимикке" жалға берілген ол 28 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

2019 жылы Әлішер "Истиклол" футбол командасында ойнай бастады. Ол Тәжікстан ұлттық құрамасында бес ойын өткізіп, бір гол соқты.

"Истиклол" сапында Жалилов ел чемпионатын үш мәрте жеңіп алды.

АГМК клубының бас бапкері – танымал өзбек футболшысы Миржалол Косимов. Клуб демеушісі - Алмалық тау-кен комбинаты.

XS
SM
MD
LG