Ссылки доступа

Қырғыз омбудсмені Тәжікстаннан екі қырғызстандықты экстрадициялауын Бас прокуратурадан сұрады


Қырғызстан омбудсмен институты Бас прокуратурадан Тәжікстанда сотталған екі қырғызстандықты елге экстрадициялауын сұрады.

Қырғыз омбудсмені хатшылығының хабарлауынша, Баткен облысы Лейлек ауданының тұрғындарынан осындай өтініш түскен. Тұрғындардың айтуынша, Нооман Самадов пен Сайдахмет Артиковты Тәжікстанның арнайы қызметі ұстаған. Тәжікстанда Самадов екі жылға, ал Артиков 18 жылға сотталған.

"Екеуі де тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептеп, жоғарғы сот инстанциясына шағымданудан бас тартқан", - дейді қырғыз омбудсмені.

Енді сотталушылардың туыстары оларды көрші елден Қырғызстанға ауыстыруын сұрап отыр.

Еске салайық, қырғыз азаматтары 2021 жылғы қыркүйекте ұсталған. Оларға шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылған, кейін оларды тыңшылық жасады деп айыптай бастады.

Тәжікстанда ұсталған азаматтардың туыстары Үкімет үйі алдында пикет өткізген. Олармен кездесуге шыққан үкімет басшысының орынбасары Еділ Байсалов ақпаратты құзырлы органдарға жеткізуге, екі қырғыз азаматын босатуға көмектесуге уәде берген.

XS
SM
MD
LG