Ссылки доступа

Былтыр Құмтөрде 14,5 мың тоннадан астам алтын өндірілді


Қырғызстан былтыр мамыр айынан бері алғаш рет Құмтөрдегі өндіріс нәтижелерін жариялады. 2021 жылы мұнда 14 мың 561 кг алтын өндірілді.

Алтын өндірісінен 856 млн доллар табыс түсті. "Құмтөр Голд Компаниді" сырттай басқарушы Теңіз Бөлтүрүк үкімет жиналысында осындай мәлімет келтірді.

Есепке қарағанда, 2021 жылы "ҚГК" салық және міндетті төлемдер ретінде 13,6 млрд сом аударған. 856 млн доллардың 621 млн доллары сыртқы басқару кезінде түскен. Алтынды кімдер сатып алғаны туралы мәлімет айтылмады. Бұның алдында үкімет басшысы Ақылбек Жапаров Құмтөр өнімі Қырғызстанда қалады деп мәлімдеген.

"Құмтөр Голд Компани" 2022 жылы 17 тонна алтын өндіруді жоспарлап отыр.

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

XS
SM
MD
LG